25 ақпан 2019 | 17:20

Депутаттар Денсаулық сақтау министрі қызметіне Біртановты бекітті

© Тұрар Қазанғапов

Мәжіліс депутаттары Денсаулық сақтау министрі қызметіне Елжан Біртановтың кандидатурасын бекітті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мәжіліс депутаттары Денсаулық сақтау министрі қызметіне Елжан Біртановтың кандидатурасын бекітті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Біз тек әңгімелесуден өттік, әзірге осыны ғана білеміз. Нәтижесін білмейбіз, бірге күтейік. (...) Комитет мақұлдады", - деді Елжан Біртанов Мәжіліс кулуарында. 

Реклама
Реклама

2017 жылы қаңтарда Елжан Біртанов Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан денсаулық сақтау министрі қызметіне тағайындалды. Бұған дейін ол ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі болып жұмыс істеді.

Елжан Біртанов әр жылдары Алматыдағы жедел медициналық жәрдем ауруханасының дәрігер-реаниматологы, Республикалық токсикология орталығының басшысы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бас токсикологы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің "Денсаулық сақтауды дамыту институты" РМК директоры, ҚР премьер-министрінің кеңесшісі, "Ұлттық медициналық холдинг" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі, "Ұлттық медициналық холдинг"АҚ-ны басқарды.

2017 жылы 25 қаңтарда Мемлекет басшысының сайтында Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігін Еңбек және халықтыәлеуметтік қорғау министрлігі мен денсаулық сақтау министрлігіне бөлу туралы өкім жарияланды. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная