Депутаттар каникулға шықты

viewings icon 1182
comments icon 1

Парламент VI шақырылымның бесінші сессиясын аяқтады. Енді Сенат пен Мәжіліс депутаттары демалысқа шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Парламент VI шақырылымның бесінші сессиясын аяқтады. Енді Сенат пен Мәжіліс депутаттары демалысқа шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін Парламентте бесінші парламенттік сессияны аяқтаған палаталардың бірлескен отырысы өтті.

Реклама
Реклама

Сессия барысында палаталардың 3 бірлескен отырысы, Мәжілістің 41 жалпы отырысы өткізіліп, онда 296 мәселе және Сенаттың 25 жалпы отырысы қаралды, онда 165 мәселе қаралды.

Бесінші сессия кезінде екі палатаның жұмысында 161 заң жобасы болды, олардың 98-і қабылданды.

Бүгінгі таңда Парламент қабылдаған заңдардың 86-на Президент қол қойып, олар заңды күшіне енді.

Қазақстандықтар өмірінің өзекті мәселелерін шешу үшін депутаттар бесінші сессия барысында өздерінің конституциялық құқығын белсенді пайдаланды.

Осы сессияда депутаттар 35 жеке заң жобасын әзірледі, оның 12-сі қазіргі уақытта қабылданып, 23-і жүзеге асырылып жатыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная