ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 16 шілде 2026 15:53
Депутаттар Ұлытау және Атырау облыстарының жаңа әкімдерін тағайындау үшін жиналады
17 шілдеде Атырау және Ұлытау облыстарының жаңа әкімдерін тағайындауға келісім беру бойынша мәслихат депутаттарының жиналысы өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Тиісті ақпарат Атырау және Ұлытау облыстары мәслихаттарының сайттарында жарияланды.
Мәслихаттар мәліметінше, Атырау облысының аумағындағы депутаттардың отырысы 17 шілдеде сағат 9:30-да Атырау қаласында өтеді. Қатысушыларды тіркеу сағат 8:00-де басталады.
Ұлытау облысында облыстық, қалалық және аудандық мәслихат депутаттарының жиналысы сағат 11:00-де Жезқазған қаласында өтеді. Тіркеу 17 шілдеде сағат 10:00-де басталады.
Іс-шаралар Қазақстан Президентінің 2022 жылғы 8 маусымдағы Жарлығымен бекітілген Мәслихат депутаттарының облыс әкімдерін тағайындауға келісім беру қағидаларына сәйкес өткізіледі.
Облыс әкімі лауазымына үміткерлердің есімдері әзірге хабарланған жоқ.
Айта кетейік, Серік Шәпкенов Атырау облысының әкімі қызметін 2022 жылдың 7 сәуірінен бері атқарып келеді.
Ал Дастан Рыспеков 2024 жылдың 9 қазанынан бастап Ұлытау облысының әкімі.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу