27 наурыз 2023 | 14:15

Депутаттыққа кандидаттардың қайсына сайлау жарнасы қайтарылады?

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина Мәжіліс пен мәслихат депутаттығына кандидаттардың жарнасы не болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина Мәжіліс пен мәслихат депутаттығына кандидаттардың жарнасы не болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ОСК мәліметінше, кандидаттардың жарнасы үш жағдайда қайтарылады:

  • егер кандидат депутат болып сайланса;
  • егер кандидат немесе саяси партия жалпы дауыс санының кемінде 5 пайызын алса;
  • сондай-ақ, кандидат немесе партиялық тізімге енгізілген жалғыз кандидат қайтыс болған жағдайда.
Реклама
Реклама

"Мәжіліс депутаттығына бір мандатты 370 кандидаттың 104-і сайлау жарнасын қайтарады. Қалған 266-сы белгіленген 5 пайыз дауысты ала алмады. Бірден айтайын, сайлау жарнасы екі партияға да қайтарылады: Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) және Respublica. "Байтақ" белгіленген межеге жете алмады, қалған партиялар сайлау жарнасын төлеген жоқ. Конституциялық заңның 88-бабына сәйкес, бұрын Мәжіліс сайлауына қатысып, сайлаушылардың 5 және одан да көп пайызын жинаған партиялар келесіде сайлау жарнасын төлемейді", - деді Сәбила Мұстафина бүгін өткен брифингте.

Айта кететін жайт, үгіт науқанындағы заңнамаға сәйкес Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат үшін сайлау жарнасының мөлшері ең төменгі жалақының 15 мөлшері, яғни 1 миллион 50 мың теңге, мәслихат депутаттығына кандидат үшін - 5 ЕТЖ, немесе 350 мың теңге.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная