Депуттар ОСК жаңа мүшесін таңдады

Ерлан Дауылбаев. © shko.adilet.gov.kz

Мәжіліс депутаттары Орталық сайлау комиссиясының мүшесі қызметіне Ерлан Дауылбаевтың кандидатурасына дауыс берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Мәжіліс депутаттары Орталық сайлау комиссиясының мүшесі қызметіне Ерлан Дауылбаевтың кандидатурасына дауыс берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Конституцияға сәйкес, Парламенттің әр палатасы ОСК мүшелерін тағайындайды. Осыған байланысты Ерлан Сламханұлы Дауылбаевтың кандидатурасын ұсынамын. Ол ұзақ жылдар бойы әділет саласында жұмыс істеді, осыған дейін ОСК-да да жұмыс істеді. Соңғы жылдары Шымкент аумақтық комиссиясын басқарды", - деді Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулин.

Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы депутат Нұрлан Әбдіров Ерлан Дауылбаевты көптеген жылдар бойы әділет саласында жұмыс істегенін және жоғары заңгерлік білімі бар тәжірибелі маман ретінде сипаттады.

Реклама
Реклама

Депутаттардың дауыс беру қорытындысы бойынша Дауылбаев жаңа лауазымға бекітілді.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама