08 тамыз 2024 | 12:41

Дербес баға белгілеген: Ұлттық аккредиттеу орталығына айыппұл салынды

Фото Facebook.com/ncakz

Мемлекеттік аудиттен кейін Ұлттық аккредиттеу орталығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекеттік аудиттен кейін Ұлттық аккредиттеу орталығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекеттік аудиттен кейін ҚР Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің "Ұлттық аккредиттеу орталығы" ШЖҚ РМК әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Биыл Жоғары аудиторлық палата ҚР Сауда және интеграция министрлігінің және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының тиімділігіне аудит жүргізді.

Реклама
Реклама

Аудит шеңберінде Ұлттық аккредиттеу орталығы сәйкестікті бағалау саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі бола отырып, жетекшілік ететін мемлекеттік орган бекіткен бағамен емес, дербес белгіленген бағалар бойынша бірқатар қызмет көрсеткені анықталды. Осыған байланысты Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне ҚР монополияға қарсы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру тапсырылды.

"Агенттік Ұлттық аккредиттеу орталығында бақылау іс-шараларын өткізіп, Кәсіпкерлік кодекс талаптарының бұзылғанын растады. Нәтижесінде Ұлттық аккредиттеу орталығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, салынған айыппұл белгіленген мерзімде ерікті түрде төленді", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная