ПОДЕЛИТЬСЯ
28 желтоқсан 2020 | 13:11
"Деректеріңізді ұрлайды". Мессенджерлерде тағы бір жалған хабарлама тарап жатыр
Қазақстандықтар Huawei компаниясынан ұялы телефон және басқа да гаджеттер ұтып алуға болатын тағы бір сілтемемен бөлісіп жатыр. Шын мәнінде, өндіруші қазір мұндай лотереялар ұтысын өткізіп жатқан жоқ, ал ұтысқа қатысуға шақыратын сайт - фишинг, - деп хабарлайды StopFake.kz.

Портал мәліметінше, Huawei компаниясының ресми интернет-порталында жаңа жылдық ұтыс туралы ақпарат жоқ.
Желіде тарап жатқан хабарлама
Сонымен қатар, қымбат сыйлықтар ойнатылатын платформа бейресми сайт және компанияға ешқандай қатысы жоқ. Алаяқтардың құрбаны болған желі қолданушыларының сөзінше, сілтеме бойынша өту қауіпті.
"Егер сәлтеме пошта немесе WhatsApp арқылы келсе - оны ешкімге таратпаңыз! Әрине, адамдар оны жақсы ниетпен жібереді, бірақ сайттың мақсаты - сіздің деректеріңізді ұрлау", - деп жазады олар.
Фишинг сайттарды жеке аккаунттарға, төлем деректеріне, ақылы қосымшалар мен платформалардан логиндер мен парольдерге қол жеткізу үшін жасайды. Фишингтің көмегімен алаяқтар адамдардың компьютерлерін немесе басқа құрылғыларын толық басқара алады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также