21 маусым 2019 | 13:52

Дидар Смағұлов Ұлттық тестілеу орталығының басшысы болды

Дидар Смағұлов. © facebook.com/saintdid

Дидар Смағұлов Ұлттық тестілеу орталығының басшысы қызметін атқарушы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Дидар Смағұлов Ұлттық тестілеу орталығының басшысы қызметін атқарушы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

"Біз Ұлттық тестілеу орталығының басшылығына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде жұмыс атқарған Дидар Смағұловты қызметке шақырдық. Дидар Смағұлов осы қызметті үлкен жауапкершілікпен атқарып, Орталықтың тек қана заңнамаға сәйкес жұмыс істеуін қамтамасыз етіп, жұмысын алға сүйреп шығады деп сенім білдіремін", - деп жазды Асхат Аймағамбетов Facebook желісіндегі парақшасында. 

Реклама
Реклама

Осыған дейін Смағұлов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент директорының орынбасары қызметін атқарған.

Кейінірек, ҰТО жаңа басшысы Facebook желісіндегі парақшасында орталық назарын талап ететін деректер туралы хабарлауды өтінген жазба қалдырды.

Еске салайық, Тестілеу орталығының бұрынғы басшысы Рамазан Әлімқұлов қамауға алынған. Экс-басшы делдал арқылы "жүйелі түрде аса ірі мөлшерде пара алды" деген күдікке ілінген. 

Сондай-ақ, 6 маусымда білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиеваның ұсталғаны белгілі болды. Ол 6 тамызға дейін қамауда болады. Оған пара алу және лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деген айып тағылған


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная