23 тамыз 2022 | 08:22

Диетолог ішек ауруларына пайдалы төрт сусынды атады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Америкалық тамақтану және диетология академиясының өкілі, диетолог Джен Брюнинг Eat This, Not That порталына берген сұхбатында ішек аурулары пайдалы төрт сусынды атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Америкалық тамақтану және диетология академиясының өкілі, диетолог Джен Брюнинг Eat This, Not That порталына берген сұхбатында ішек аурулары пайдалы төрт сусынды атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Маман таңертең дұрыс сусын таңдау сергектік сыйлаумен қатар, ішек ауруларының алдын алатынын айтады. Диетолог мұндай сусындарға суды, кофені, қызанақ шырыны мен смузилерді жатқызды.

Таңертең міндетті түрде су ішу керек, өйткені ұйқыдан тұрғанда дене сусызданады. Бұл ас қорыту жүйесін қалпына келтіруге, іш қатудың алдын алуға мүмкіндік береді", - дейді диетолог.

Реклама
Реклама

Брунинг қантсыз, сүтсіз қара кофе ішу ас қорытуды жақсартып, ішектерді тазартуға көмектесетінін, пайдалы бактерияларға жақсы әсер ететінін айтады.

"Күн сайын таңертең бір стақан қызанақ шырынын ішу ас қорытуды жақсартады. Оның құрамында ас қорытуды қалпына келтіретін, нәжісті жұмсартатын талшық бар", - дейді дәрігер.

Сондай-ақ, ол смузилерді жидектермен, зығыр тұқымдарымен немесе чиамен ішкен пайдалы екенін ескертті. Жидектермен ішкен смузи ішектерді пробиотиктермен, пайдалы витаминдермен және талшықтармен байытады екен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная