ПОДЕЛИТЬСЯ
27 қазан 2022 | 12:39
Дикий Арман мен Қайрат Құдайберген рақымшылыққа іліге ме?
Бас прокурордың орынбасары Әсет Шыңдалиев Дикий Арман лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиев пен Алматы қаласы мәслихатының экс-депутаты Қайрат Құдайберген рақымшылыққа іліге ме деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бас прокурордың орынбасары Әсет Шыңдалиев Дикий Арман лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиев пен Алматы қаласы мәслихатының экс-депутаты Қайрат Құдайберген рақымшылыққа іліге ме деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
27 қазанда Парламент Сенаты қаңтар оқиғасына қатысушыларға рақымшылық жасау туралы заң қабылдады. Қабылданған құжатқа сәйкес, қаңтар оқиғасына қатысушылардың бір бөлігі босатылса, басқаларының жаза мерзімі қысқартылады.
Сенат кулуарында журналистер сұрағына жауап берген Әсет Шыңдалиев 20 адамға жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды деген айып тағылғанын, сондықтан олар рақымшылыққа ілінбейтінін айтты.
Бұған дейін ұсталған Қайрат Құдайберген тәртіпсіздікті ұйымдастырушы ма деген сұраққа бас прокурордың орынбасары: "Оған сондай айып тағылып отыр", – деп жауап берді.
Шыңдалиевтің айтуынша, қаңтар оқиғасы кезінде қылмыс жағандардың көбіне қатысушы деген айып тағылған, бұл шамамен 700 адам. Бұл тұлғалар, бас прокурордың орынбасарының айтуынша, рақымшылыққа ілігеді.
Еске салайық, экс-депутат Қайрат Құдайберген қаңтар оқиғасы бойынша 22 сәуірде ұсталған болатын. Ол бір айға қамауға алынды, содан кейін қамау мерзімі 21 маусымға дейін, одан кейін тағы үш айға ұзартылды.
Прокурорлардың айтуынша, Құдайберген жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды және оған қатысты деген күдікке ілінген. Алдын ала тергеу барысында Қайрат Құдайберген Арман Жұмагелдиевпен (Дикий Арман - еск.) "Қазақстан" қонақүйінде адамдарды жинауды ұйымдастырып, Жұмагелдиевтің айналасына бірігуге, оны қолдауға және билікке бірыңғай талап қоюға шақырғаны, сондай-ақ адамдарды 10 адамнан бөліп, оларды топтастырудың айрықша белгісі ретінде қолына ақ түсті таңғыштарды байлауды тапсырғаны анықталды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также