06 қазан 2022 14:56

Дикий Арманды қамау мерзімі 7 желтоқсанға дейін ұзартылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

Дикий Арман лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевті қамауға алу мерзімі 7 желтоқсанға дейін ұзарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық сотының ресми өкілі Абай Жарылқасынға сілтеме жасап.


Дикий Арман лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевті қамауға алу мерзімі 7 желтоқсанға дейін ұзарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық сотының ресми өкілі Абай Жарылқасынға сілтеме жасап.

Оның айтуынша, 6 қазанда мамандандырылған ауданаралық тергеу соты шешім шығарған.

"Тергеу органдарының Д-ға қатысты қамауда ұстау мерзімін 11 айға дейін, яғни 7 желтоқсанға дейін ұзартуға санкция беру туралы өтініші қанағаттандырылды. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ", - делінген хабарламада.

Еске салайық, Арман Жұмагелдиев ұсталғаны 7 қаңтарда белгілі болған еді. Бес адамнан тұратын қылмыстық топ Алматыда арнайы операция барысында ұсталғаны айтылды. Күдіктілерді тінту кезінде әртүрлі маркалы және калибрлі төрт автомат, оларға арналған оқ-дәрілер, қырлы қарулар мен броньды көлік тәркіленген.

Кейінірек оның қылмыстық тобының мүшелері 24 бейбіт тұрғынды ұрлап, күштеп ұстағаны айтылды. Бұл туралы Арнайы прокурорлар қызметінің басшысы Ризабек Ожаров мәлімдеген еді. 

Сонымен қатар, Бас прокуратура өкілі Дикий Арман мен оның тобының 14 мүшесі қамауда екенін айтты. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети