22 қараша 2021 15:48

Димаш Адель мен Тейлор Свифтпен бірге әлеуметтік желідегі ең танымал ондыққа кірді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген америкалық NetBase Quid тәуелсіз зерттеу компаниясының талдауымен әлеуметтік желіде қараша айында ең көп оқылған әртістердің ондығына енді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әншінің фан-клубына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

NetBase Quid интернеттегі тұтыну нарығын талдау мен бағалауға негізделген. Димаш Тревис Скоттан озып, тоғызыншы орында тұр. Әлеуметтік желілердегі танымалдық рейтингінде бірінші орында америкалық әнші Тейлор Свифт, екінші орында K-Pop тобының мүшесі BTS JIN, үшінші орында тағы бір оңтүстіккореялық әртіс Blackpink Лиза тұрды. Рейтингте сонымен қатар Адель, Джастин Бибер және Ариана Гранде бар.

Реклама
Реклама

Димаш Құдайберген Instagram парақшасында жанкүйерлеріне көрсеткен қолдаулары мен оған деген сүйіспеншілігі үшін алғысын білдірді.

Айта кетейік, аз уақыт бұрын қазақстандық әнші Billboard Hot Trending songs чартының үздік 20-сына кірген болатын. "Fly away" әні қазіргі уақытта аптаның ең көп айтылған әндері арасында екінші орында тұр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram