26 сәуір 2017 19:50

Димаш Құдайберген Назарбаевқа өз арманын айтты

© akorda.kz

Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада Қытайдан оралған Димаш Құдайбергенді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада Қытайдан оралған Димаш Құдайбергенді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Елбасы әншіні Қытайда өткен I аm а Singer байқауындағы жетістіктерімен құттықтап, батасын берді. 

Реклама
Реклама

Димаш Құдайберген өз кезегінде Елбасын жеке қолдауы үшін және Қазақстан атын шығаруға мүмкіндік бергені үшін алғыс білдірді. 

Сонымен бірге, әнші үш бірдей сыйға ие болғанын айтты, олардың ішінде "Жылдың үздік әні", "Танымал халықаралық әнші" және "Азияның ең танымал әншісі". Димаштың айтуынша, ол голливудтық фильмге саундтрек жазып та үлгеріпті. 

"Мені MTV Music Awards номинацияларының біріне ұсынғалы жатыр деп естідім. Өзімнің арманым - үлкен аренада жанды дауыспен концерт беру. Сол арманыма қол жеткізуге үлкен демеу көрсетіп жатқаныңызға көп рақмет айтамын", - деді әнші. 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram