“Диплом жоқ“. Сотта Перизат Қайраттың білімі туралы айтылды

Дина Шарипханова Корреспондент
“Диплом жоқ“. Сотта Перизат Қайраттың білімі туралы айтылды Перизат Қайрат. Фото: instagram.com/01pk

Перизат Қайрат ісі бойынша сот отырысы кезінде айыпталушының біліміне қатысты мәліметтер белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Перизат Қайрат ісі бойынша сот отырысы кезінде айыпталушының біліміне қатысты мәліметтер белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Көктемгі су тасқыны кезіндегі қайырымдылық көмекке қатысты эпизод бойынша куәгерлер мен жәбірленушілерден жауап алу аяқталғаннан кейін, сот дәлелдемелерді зерттеу кезеңіне өтті.

Прокурор Мадина Оразалина айыпталушының біліміне қатысты құжаттардағы мәліметтерді жария етті.

Жарнама
Жарнама

Деректерге сәйкес, Перизат Қайрат Ақтаудағы №10 мектепті бітірген. 2006 жылы ол сол өңірдегі өнер колледжіне – хор дирижерлігі бөліміне оқуға түскен.

"Колледжді аяқтағаны туралы дипломы жоқ. 2006 жылы түскен, 2007 жылы бірінші курсты аяқтаған. Колледжге қабылдану емтихандарына қатысқаны немесе одан әрі оқығаны туралы құжаттар жоқ. TAU университетінен алынған құжаттар бар", – деп оқыды прокурор.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама