ПОДЕЛИТЬСЯ
18 қаңтар 2019 | 16:30
Дипломат Ерік Өтембаев кепілақымен босатылды
Уақытша қызметінен босатылған Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі Ерік Өтембаев кепілақымен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Уақытша қызметінен босатылған Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі Ерік Өтембаев кепілақымен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Астана қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылдған соты санкция берді. Ерік Мылтықбайұлына қатысты кепілақымен босатылу бұлтартпау шарасы енгізілді", - деді Астана соты баспасөз қызметінің өкілдері.
2018 жылы қазанда Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Өзбекстандағы Қазақстан елшісі бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінгені туралы хабарлаған еді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Ұлттық бюросы Өзбекстандағы Қазақстан Республикасының елшісін аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деп күдіктеніп отыр. Ол мемлекеттік жауапты қызметте бола отырып, Өзбекстанда Қазақстан Республикасының елшілігін әкімшілік ғимараты құрылысы бойынша атқарылған жұмыстар жайлы көрінеу жалған фиктив актілер толтырған. Заңсыз әрекеттер салдарынан 140 миллион теңге залал келген.
Былтыр 22 қазанда Мемлекет Басшысының Жарлығымен Ерік Мылтықбайұлы Өтембаев Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісінің лауазымдық өкілеттіктерін атқарудан уақытша шеттетілді.
Анарбек Қарашев. © mfa gov.kz
Биыл жазда ҚР СІМ бұрынғы жауапты хатшысы Анарбек Қарашев аса ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталған еді. Кейінірек Ұлттық бюро басшысының орынбасары Олжас Бектенов қылмыстық істің мән жайы туралы айтты: Анарбек Қарашев Өзбекстандағы Қазақстан елшілігінің ғимаратына капиталды ремонт жұмыстарын жүргізу үшін қаражат төлеу дерегі бойынша айып тағылған. Негізінде ешқандай да жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Бұрындары залал мөлшері 70 миллион теңге болған.
Показать комментарии
Читайте также