ПОДЕЛИТЬСЯ
18 қараша 2021 | 16:33
Дипломатиялық қызметімізге жақсы серпіліс керек - Тоқаев
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның дипломатиялық қызметінің кадр саясатына өзгерістер қажет екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның дипломатиялық қызметінің кадр саясатына өзгерістер қажет екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сыртқы істер министрлігі алқасының кеңейтілген отырысында Тоқаев қазақстандық дипломатияның жаңартылған имиджін қалыптастыру туралы сөз қозғады.
"Біздің дипломатиялық қызметке жақсы серпіліс қажет. Сыртқы істер министрлігінен білікті мамандардың кетуі оның кадрлық әлеуетін әлсіретеді. Мен Сыртқы істер министрлігі ең консервативті құрылымдардың бірі екенін өз көзіммен көрдім. Бір жағынан салт-дәстүр, тар шеңберде кәсіби дипломаттардың жасақталуы жағынан оңды жағы болса, екінші жағынан еліне қызмет етемін деген білімді, саналы жастардың көбі қызметке тұрғанда алынбас қамалға тап болады", - деді Тоқаев.
Президент бұл жағдайды түзету керек екенін айтты.
"Уақыт кадр саясатын түбегейлі өзгертуді талап етеді. Дипломатиялық қызметке ең алдымен эрудитті, ашық, отансүйгіш мамандар қажет. Шетелде Қазақстанның намысын қорғайтын дипломаттарымыз тек шет тілдерін ғана емес, ең алдымен мемлекеттік тілді білуі керек", - деп қосты Мемлекет басшысы.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также