ПОДЕЛИТЬСЯ
26 қыркүйек 2018 | 17:08
Дизельдік отын тапшылығы жоқ - Бозымбаев
Дизель отынының орташа бағасы елімізде 188-189 теңге аралығында, Қазақстанда дизельдік отын тапшылығы жоқ. Бұл туралы энегетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бәлкім Астанада көтерілген де шығар (дизель бағасы), алайда елімізде көтерме баға орташа есеппен 188-189 теңге. Мен күн сайын еліміздегі барлық жанармай бекеттерінен мәліметтер алып отырамын. Иә, кей жерлерде жоғарғы баға бар, алайда бұл Ресейден импортталған дизель. Бұл негізінен Ресей Федерациясына жақын өңірлерде байқалады. Жалпы дизельдік отын тапшылығы мәселесі жоқ", - деді Энергетика министрі.
Министр дизель отыны бағасының төмендейтіні туралы болжамдар қарашада сақталатынын айтады.
Министрлік баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта үщ мұнай өңдеу зауыттары штаттық режимде жұмыс істеп, тәулік бойы дизель отынын өндіреді және ішкі саудаға жөнелтіледі екен.
Показать комментарии
Читайте также