ПОДЕЛИТЬСЯ
25 шілде 2020 | 11:13
Джипті блокбекеттен "қоңырау" арқылы өткізген полицейлердің видеосы пайда болды
Такси жүргізушісі "қоңырау шалу" арқылы блокбекеттен қара джипті өткізген полицейлерді видеоға түсіріп алды. Кадрларға қарағанда, оқиға Ақмола облысында болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Такси жүргізушісі "қоңырау шалу" арқылы блокбекеттен қара джипті өткізген полицейлерді видеоға түсіріп алды. Кадрларға қарағанда, оқиға Ақмола облысында болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Мына машина менімен бірге келді. Полиция қызметкері телефонды алды, қазір оны өткізіп жібереді. Мен ресми таксиде істеймін, тіпті ТЖ кезінде біз өтіп жүрдік. Ал қазір карантин кезінде бізге жүруге рұқсат жоқ. Мен салық төлеймін, ал бұл адам қоңырау шала салды", - деп наразылығын білдірді Instagram-да жарияланған видеоның авторы.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Астана | Казахстан |Жалобы (@zhaloby.astana) 24 Июл 2020 в 10:27 PDT
Кей Желі қолдаланушысы джип жүргізушісі мен полицейлерді қолдап, пікір қалдырған. Біреуі авто жүргізушісі осы ауданда тұрады деп болжаса, басқасы қонақ үйге қоңырау шалып, нөмірі брондалғанын дәлелдегісі келген шығар деді.
"Қазіргі уақытта әлеуметтік желі қолдаланушысының видеосы зерттеліп жатыр. Автокөлік иесі мен көлік құралының курорттық аймаққа өту себебі анықталады", - деп түсіндірді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Еске салайық, Ақмола облысының аумағында тәулік бойы жұмыс істейтін 11 блокбекет қойылды. Бурабай ауданы ерекше бақылауда, мұнда 6 бекет шоғырланған және 7 мобильді топ жұмыс істейді. Зеренді және Ерейментау аудандары да келушілер үшін жабылды. Соңғы бақылау-өткізу пункттері Сайдалы және Самал көлдерінің жолдарында орналасқан.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также