ПОДЕЛИТЬСЯ
13 қараша 2018 | 18:12
Дінмұхамед Қонаевтың қарындасы қайтыс болды
Алматыда Қазақс КСР Компартиясының бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаевтың кіші қарындасы - Сара Қонаева 91 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда Қазақс КСР Компартиясының бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаевтың кіші қарындасы - Сара Қонаева 91 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бүгін таңғы 5-те Сара Ахметқызы өз үйінде қайтыс болды. Қоштасу рәсімі 11:00-де Пушкин көшесі 50, 2-ші пәтерде болады. Кеңсайда жерленеді", - деді туыстарының бірі, Қазақстанның еңбек сіңірген ұшқышы Мақаш Әбішев.
Дінмұхамед Қонаев 1912 жылы дүниеге келген. Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік еңбек ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы. 1993 жылы тамызда қайтыс болған.
Показать комментарии
Читайте также