Қазақстанда доллардың 19 тамыздағы бағамы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
KASE Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, АҚШ долларының орташа бағамы 538,57 теңге болды, бұл алдыңғы көрсеткіштен 1,27 теңгеге төмен. Айта кетейік, 19 тамыздағы Ұлттық банктің ресми бағамы – 1 доллар үшін 540,00 теңге.
kurs.kz деректері бойынша, қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы – 538,77 теңге, сату – 540,60 теңге. Астанадағы ақша айырбастау орындарында америкалық валютаны орташа есеппен 536,54 теңгеден сатып алып, 543,54 теңгеден сатады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!