Доллар бағамы 538 теңгеге дейін төмендеді

Дина Шарипханова Корреспондент
Доллар бағамы 538 теңгеге дейін төмендеді Фото ©️ Турар Казангапов

Қазақстанда доллардың 19 тамыздағы бағамы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанда доллардың 19 тамыздағы бағамы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

KASE Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, АҚШ долларының орташа бағамы 538,57 теңге болды, бұл алдыңғы көрсеткіштен 1,27 теңгеге төмен. Айта кетейік, 19 тамыздағы Ұлттық банктің ресми бағамы – 1 доллар үшін 540,00 теңге.

kurs.kz деректері бойынша, қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы – 538,77 теңге, сату – 540,60 теңге. Астанадағы ақша айырбастау орындарында америкалық валютаны орташа есеппен 536,54 теңгеден сатып алып, 543,54 теңгеден сатады.

Жарнама
Жарнама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама