Доллар бағамы 550 теңгеден асты: Ұлттық банк жағдайды түсіндірді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Ұлттық банк долларға қатысты ахуалды түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлттық банк долларға қатысты ахуалды түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

30 шілдедегі сауда-саттық барысында теңге бағамы бір АҚШ доллары үшін 550 теңгеге дейін жетіп, ай басынан бері 5,8 пайызға, ал жыл басынан бері 4,7 пайызға әлсіреген.

"Валюта нарығындағы өтімділік өте төмен болуына және алыпсатарлық қысымның күшею белгілеріне байланысты Ұлттық банк валюта интервенциясын жүргізуге кірісті", - деп жазылған хабарламада.

Реклама
Реклама

Қазір мұнайдың әлемдік бағасы бір барреліне 70 АҚШ долларынан асып, АҚШ доллары жаһандық деңгейде әлсіреп тұр.

"Осыған байланысты теңгенің қазіргі әлсіреуі айтулы факторларды көрсетпейді және ұлттық валютаның жеткіліксіз бағаланғанын білдіреді", - деп жазылған хабарламада.

Ұлттық банк валюта нарығындағы жағдайды мұқият қадағалап отыратынын, қажет болған жағдайда шұғыл шаралар қабылдауға дайын екенін мәлімдеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама