8 сәуірде Қазақстандағы доллар бағамы қандай болды? Бұл туралы толығырақ - Tengrinews.kz материалында.
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 475,31 теңге болып, бірден 12,32 теңгеге өсті.
Ұлттық банктің 8 сәуірдегі ресми бағамы - 460,37 теңге.
Айта кетейік, 8 сәуірде таңертең Қазақстанның ақша айырбастау пунктерінде доллар бағамы күрт өсті. kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Астана мен Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллардың орташа бағамы мынадай:
Алматыдағы доллар бағамы
- сатып алу – 476,54 теңге;
- сату – 479,42 теңге;
Астанадағы доллар бағамы
- сатып алу – орташа есеппен 472,96 теңге;
- сату – 480,00 теңге.
Таяу Шығыстағы ахуал: мұнай бағасы арзандап жатыр
Еске сала кетейік, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға жасалатын соққыларды екі аптаға тоқтата тұруға келіскенін мәлімдеген болатын. Америка көшбасшысының айтуынша, бұл екіжақты шабуылдарды тоқтату туралы келісім болмақ. Ақ үй басшысы Вашингтонның Тегераннан 10 пункттен тұратын ұсыныс алғанын және оны "келіссөздер жүргізуге негіз болатын құжат" деп санайтынын түсіндірді.
Иран тарапы өз кезегінде екі апталық бітім мерзімінде Ормуз бұғазының ашылуын қамтамасыз етуге дайын екендіктерін мәлімдеді.
Осыдан кейін мұнай бағасы күрт төмендеп кетті. Мәселен, 7 сәуірде Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 107-110 доллар аралығында болса, түн ортасынан кейін ол күрт арзандап, барреліне 93 долларға дейін төмендеді. Қазіргі уақытта Лондонның ICE биржасында Brent-тің маусымдық фьючерстері барреліне 94 доллар шамасында.
WTI маркалы мұнайдың құны 14 пайыздан астам арзандап, барреліне 95 долларға дейін түсті.