ПОДЕЛИТЬСЯ
16 мамыр 2022 | 15:50
Доллар бағамы көтерілді
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы көтерілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан қор биржасына (KASE) сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы көтерілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан қор биржасына (KASE) сілтеме жасап.
Күндізгі сауданың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,34 теңгеге көтеріліп, 429,57 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 16 мамырдағы ресми бағамы 427,84 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу - 430,42 теңге, сату - 434,86 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 431,41 теңгеден сатып алынып, 434,04 теңгеден сатылып жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также