ПОДЕЛИТЬСЯ
09 тамыз 2023 | 15:55
Доллар бағамы көтеріле бастады
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы қайтадан өсіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметтеріне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы қайтадан өсіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметтеріне сілтеме жасап.
Күндізгі сауданың нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 0,39 теңгеге көтеріліп, 446,32 теңге болды. Айта кетейік, Ұлттық банктің 9 тамыздағы ресми бағамы бойынша доллар 445,88 теңге болды.
Kurs.kz мәліметінше, Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 446,65 теңге, сату – 448,89 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 445,80 теңгеден сатып алынып, 449,81 теңгеден сатылып жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также