06 қыркүйек 2023 16:56

Доллар бағамы тағы 1,5 теңгеге өсті

Сурет ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Доллар теңгеге шаққандағы бағамы өсіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан қор биржасының дерегіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Доллар теңгеге шаққандағы бағамы өсіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан қор биржасының дерегіне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысына сәйкес, доллардың орташа өлшенген бағамы 461,41 теңге болып, 1,41 теңгеге өскен. Айта кетейік, Ұлттық Банктің 6 қыркүйектегі ресми бағамы бір доллар үшін 459,97 теңге.

Kurs.kz деректеріне сәйкес, Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 461,64 теңгеге, сату - 464,31 теңгеге тең. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валютаны орта есеппен 459,80 теңгеден сатып алып, 463,95 теңгеден сатуға болады.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram