Доллар бағамы тағы 2 теңгеге төмендеді

Доллар бағамы тағы 2 теңгеге төмендеді Фото:depositphotos.com

Доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

KASE күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 450,34 теңге болып, 1,86 теңгеге төмендеді. Айта кетейік, Ұлттық Банктің 8 ақпандағы ресми бағамы бір доллар үшін 452,14 теңгеге тең.

Kurs.kz дерегі бойынша Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 450,84 теңгеге, сату - 452,71 теңгеге тең. Ал Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валютаны орта есеппен 449,44 теңгеден сатып алады, 453,55 теңгеден сатады.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама