ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 26 қыркүйек 2022 15:41
Доллар бағамы тағы 2,5 теңгеге арзандады
Теңгеге қатысты доллардың ресми бағамы 2,5 теңгеге төмендеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан қор биржасының KASE мәліметіне сілтеме жасап.
Теңгеге қатысты доллардың ресми бағамы 2,5 теңгеге төмендеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан қор биржасының KASE мәліметіне сілтеме жасап.
Күндізгі сауданың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 2,48 теңгеге төмендеп, 477,37 теңге болды. Айта кетейік, Ұлттық банктің 24-26 қыркүйектегі ресми бағамы долларға 479,42 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу - 479,81 теңге, сату - 484,06 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 475,44 теңгеден сатып алынып, 479,68 теңгеден сатылып жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу