ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 10 тамыз 2023 15:47
Доллар бағамы төмендеді
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы тағы да құлдырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметтеріне сілтеме жасап.
Күндізгі сауданың нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 1,16 теңгеге төмендеп, 445,03 теңге. Айта кетейік, Ұлттық банктің 10 тамыздағы ресми бағамы долларға 446,32 теңге болды.
Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 445,26 теңге, сату – 447,51 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 443,86 теңгеден сатып алынып, 447,88 теңгеден сатылып жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу