ПОДЕЛИТЬСЯ
26 желтоқсан 2022 | 15:56
Доллардың ресми бағамы айтылды
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.
Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 0,79 теңгеге төмендеп, 461,10 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 24-26 желтоқсандағы ресми бағамы - 461,97 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы – 463,76 теңге, сату – 468,04 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 462,31 теңгеден сатып алынып, 465,70 теңгеден сатылып жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также