ПОДЕЛИТЬСЯ
29 желтоқсан 2022 | 15:41
Доллардың ресми бағамы айтылды
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы тағы төмендеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы тағы төмендеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.
Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 0,53 теңгеге төмендеп, 460,98 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 29 желтоқсандағы ресми бағамы - 461,23 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 462,70 теңге, сату – 466,98 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 463,14 теңгеден сатып алынып, 466,16 теңгеден сатылып жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также