Дональд Трамп Назарбаевқа хат жолдады

Дональд Трамп Назарбаевқа хат жолдады © akorda.kz

Н?рс?лтан Назарбаев?а Америка ??рама Штаттарыны? президенті Дональд Трамптан Астананы? 20 жылды?ына ж?не ту?ан к?ніне орай ??тты?тау хат келіп т?сті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі А?орданы? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.
 
Баспас?з ?ызметіні? хабарлауынша, Дональд Трамп ?аза?стан Президентіні? атына жолда?ан ??тты?тау хатында биыл?ы ?а?тарда А? ?йде ?ткен кездесу барысында жеке досты? ?арым-?атынасты? ны?ай?анына ризашылы? білдіріп, екі ел арасында?ы стратегиялы? ынтыма?тасты? одан ?рі тере?дей т?скенін атап ?тті.

Нұрсұлтан Назарбаевқа Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамптан Астананың 20 жылдығына және туған күніне орай құттықтау хат келіп түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Дональд Трамп Қазақстан Президентінің атына жолдаған құттықтау хатында биылғы қаңтарда Ақ үйде өткен кездесу барысында жеке достық қарым-қатынастың нығайғанына ризашылық білдіріп, екі ел арасындағы стратегиялық ынтымақтастық одан әрі тереңдей түскенін атап өтті.

"Туған күніңізге орай Сізге зор денсаулық, амандық пен бақ-береке тілеймін. Сондай-ақ, Қазақстан халқын Астананың 20 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын. Сіздің басшылығыңызбен "ЭКСПО-2017" көрмесін табысты өткізген Астана Қазақстанның қарқынды дамып келе жатқан орталығына айналғанын көрсетті және болашақ ұрпақ үшін мәңгілік мұра болып қала бермек", - делінген құттықтау хатта.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама