Дондағы Ростов түбінде апатқа ұшыраған "Боинг" бортында қазақстандықтар болған жоқ - ҚР СІМ

Дондағы Ростов түбінде апатқа ұшыраған "Боинг" бортында қазақстандықтар болған жоқ - ҚР СІМ © En.wikipedia.org

Дондағы Ростов түбінде апатқа ұшыраған "Боинг" бортында Қазақстан азаматы болмаған. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов айтып берді.

"FlyDubai компаниясы басшылығының мәліметінше, апатқа ұшыраған әуе лайнерінің бортында Қазақстан азаматы болмаған. ҚР СІМ әуе апатынан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтады", - деді Жайнақов.

Еске салайық, әуе апаты бүгін, Астана уақыты бойынша 19 наурызда сағат 6.50-де Дондағы Ростов әуежайында болды. Дубайдан келе жатқан "Боинг-737-800" ұшып-қону жолағынан 100 метр жерге құлап, бөлініп кеткен де, кейін өртенген. Ұшақ бортында төрт баланың болғаны анықталды. Лайнердегі 55 жолаушы мен 7 экипаж мүшесі түгелдей қаза тапты.

Жарнама
Жарнама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама