ПОДЕЛИТЬСЯ
05 қазан 2021 | 16:49
Дөңгелекті ванна: колонияда сотталғандар арасында жарыс ұйымдастырылды
Қарағанды облысындағы колониялардың бірінде сотталғандар үшін қолдан жасалған арбалармен жарыс өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстың қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қарағанды облысындағы колониялардың бірінде сотталғандар үшін қолдан жасалған арбалармен жарыс өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстың қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне сілтеме жасап.
Басқарма мәліметінше, ұйымдастырушылар жарыс арқылы сотталғандар арасында бос уақытында спорттың әр түрін өткізу үшін осындай шешім қабылдады. АК-159/17 колониясында жарыс бірінші мәрте ұйымдастырылды.
"Бірінші жарысқа екі отряд қатысты. Мекеме әкімшілігінің қолдауымен қамаудағыларға жарыс машиналарының құрылысына, оның ішінде ваннаға арналған түрлі материалдар берілді", - деп хабарлады Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі комитеті.
Команда бес адамнан тұрды. Әрқайсысы кезекпен рульге отырып, ал қалған қатысушылар жылдамдықты арттырып, арбаны итеріп отырған. Ең алыс қашықтыққа жеткен команда жеңіске жетті.
АК-159/17 мекемесі басшысының орынбасары Азат Сыздықов байқауға қатысушылардың қиялы шектелмейтінін айтты. Колония қызметкерлерінің бірі арба жасау үшін ванна әкелген. Ол жөндеуден кейін қажетсіз болып қалды.
"Бұл байқау сотталғандардың шығармашылығын дамытуға, бірігуіне оң әсер етеді", - деді Азат Сыздықов.
Қарағандылық департамент сотталғандар байқаудың жыл сайын өткізілуін қалайтынын мәлімдеді.
Еске салайық, 2020 жылдың желтоқсанында дәл осы колонияда биіктігі 5 метр аққала жасалды. Биыл сотталғандар рекорд орнатып, одан да үлкен, кем дегенде 10-12 метрлік аққала жасауды жоспарлап отыр.
Ал мекеме психологтары сотталғандарға ерекше арт-терапия қолданады. Олар тұтқындарға тоқыма тоқуды үйретеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также