02 ақпан 2022 | 13:26

Досаев Алматыдағы 19 нысанның құрылысын тоқтатты

Дина Шарипханова Корреспондент
Иллюстрациялық фото: elements.envato.com

Алматы әкімі Ерболат Досаев 19 құрылыс нысандарындағы барлық жұмысты тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы әкімі Ерболат Досаев 19 құрылыс нысандарындағы барлық жұмысты тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы әкімдігі мәліметінше, 2019 жылғы 29 қазанда Президент Тоқаевтың тапсырмасы бойынша қалада нүктелі құрылысқа тыйым салынғанына қарамастан, бұл тапсырманы бұзу жағдайлары анықталды.

Осыған байланысты, қаланың жаңа әкімі Ерболат Досаев 19 нысанда барлық жұмыс түрін - оның ішінде "Самал-3" шағынауданындағы учаскеде және Достық даңғылы бойындағы Акушерлік және гинекология орталығы ауданындағы учаскеде құрылысты тоқтата тұру туралы шешім қабылдаған. Бұған дейін жергілікті тұрғындар осы құрылысқа қатысты наразылық білдірген болатын.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, 2020 жылдың күзінде алматылықтар "Самал-3" шағынауданындағы жалғыз саябақ аймағындағы тұрғын үй кешені құрылысына шағымданған болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная