Досаев Алматыдағы Абай даңғылын ұзарту жұмыстары қашан аяқталатынын айтты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Досаев Алматыдағы Абай даңғылын ұзарту жұмыстары қашан аяқталатынын айтты

Алматы әкімі Ерболат Досаев Абай даңғылының қала шекарасына дейінгі ұзарту жұмыстары қашан аяқталатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы әкімі Ерболат Досаев Абай даңғылының қала шекарасына дейінгі ұзарту жұмыстары қашан аяқталатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы әкімі Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездесуде Абай даңғылының қала шекарасына дейін ұзарту жұмыстарын 2023 жылдың соңына дейін аяқтағылары келетінін айтты. Сондай-ақ, оның айтуынша, ақпанда Жұбанов көшесін Момышұлынан қала шекарасына дейін ұзарту жобасы бойынша мемлекеттік сараптаманың қорытындысын алу жоспарланып отыр.

"Ауданның жол-көлік инфрақұрылымын дамыту мәселесі өзекті болып отыр. 2022 жылы Ақжар шағын ауданында 10 шақырым жол және Ақжар, Қарағайлы және Шұғыладағы 12 көшеде сегіз шақырым жаяу жүргіншілер тротуарлары салынды, сондай-ақ 23 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2023 жылы Ақжар және Шұғыла шағын аудандарындағы 20 көше бойынша 16,4 шақырым жол салынады, сондай - ақ 21 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі", - деді Досаев.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама