ПОДЕЛИТЬСЯ
26 қаңтар 2023 | 13:35
Досаев Алматыдағы ескі үйлерді бұзу туралы айтты
Алматы әкімі Ерболат Досаев ескі панельді үйлерді бұзуға қатысты ұстанымын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы әкімі Ерболат Досаев ескі панельді үйлерді бұзуға қатысты ұстанымын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесуде қала тұрғындарының бірі қала тарихын сақтап қалуды сұрады.
"Менің ұсынысым қала әкімі ретінде сізге. Сізден қала тарихын сақтап қалуды сұраймын. Егер қалада жаңа тұрғын үй салатын болсаңыздар, орталыққа тиіспеңіздер, өйткені бұл біздің тарихымыз, және алматылық ретінде маған бұл өте маңызды", - деді тұрғын.
Досаевтың айтуынша, өткен жылы абаттандыруды шектейтін нормалар қабылданған. Жаңа жобалардың барлығы Алматы қаласының қала құрылысы кеңесінде қаралады.
"Орталықты қазіргі қалпында сақтаймыз десек, адамдар 1960, 1940 жылы салынған коммуникациялармен өмір сүретінін есте ұстауымыз керек. Біз тарихи келбетті барынша сақтауға тырысамыз, бірақ модернизация сөзсіз жүзеге асады, өйткені адамдар басқалар сияқты өркениеттің барлық игілігін қолданғысы келеді.
Өкінішке орай, панельді үйлерді жаңарту мүмкін емес, өз кезінде АДК (Алматы үй құрылысы комбинаты) салған, бұл үйлер тарих, бірақ оларды бұзу керек деп ойлаймын. Өйткені 25 жылдан астам уақыт бойы біз өскен ықшамаудандардағы панельді үйлер ұзаққа төтеп бере алмайды. Қала жаңартылады, тарихи келбетін сақтаймыз, бірақ жаңарту бағдарламасы, инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту толығымен жүзеге асады", - деді Алматы әкімі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также