Досаев Назарбаевқа "Бәйтерек" холдингінің жұмысы жайлы баяндады

Н?рс?лтан Назарбаев "Б?йтерек" ?лтты? бас?ару холдингіні? т?ра?асы Ерболат Досаевты ?абылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі А?орданы? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев "Бәйтерек" Ұлттық басқару холдингінің төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Назарбаев холдингтің 2016 жылы атқарған жұмысының қорытындысы мен оның әрі қарай дамуы жайлы баяндаманы тыңдады.

Реклама
Реклама

Досаев өзінің баяндамасында алдын ала мәлімет бойынша, акционерлік қоғамдағы активтердің 4 триллион 100 миллиард теңгеден асқып, таза табыстың 30 миллиард теңгені құрағанын айтты.

Сондай-ақ, "Бәйтерек" АҚ төрағасы Мемлекет басшысына "Қазақстанның даму банкі" АҚ жайлы және холдингті дамыту мақсатында стратегияларға өзгерістер енгізуге қатысты жоспарлары жайлы айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі экономикалық жобалардың жүзеге асырылуында холдингтің рөлі зор екенін айтып өтті.

"Холдингке бастапқыда ірі жобаларды несиелеу тапсырмасы берілген болатын. Бірақ экономикалық дағдарыстың салдарынан қосымша бірнеше тапсырма берілді. Осыған байланысты стратегиялық мақсаттарды анықтау қажет", - деді Қазақстан Президенті.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар тапсырма берді.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама