“Достық“ құбыры арқылы қазақстандық мұнайды жеткізу тоқтатылды: Песков пікір білдірді

“Достық“ құбыры арқылы қазақстандық мұнайды жеткізу тоқтатылды: Песков пікір білдірді Фото:depositphotos.com / Photo by DF1

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков "Достық" құбыры арқылы қазақстандық мұнай жеткізудің тоқтатылуына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков "Достық" құбыры арқылы қазақстандық мұнай жеткізудің тоқтатылуына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ИС "Вести" берген сұхбатында Песков қазақстандық мұнайды Германияға тасымалдаудың тоқтатылуы техникалық сипаттағы факторларға байланысты екенін мәлімдеді. Сонымен қатар ол Қазақстан мүддесі толық ескерілетінін, ал серіктестер үшін қажетті мұнай көлемі басқа логистикалық бағыттарды пайдалану есебінен сақталатынын атап өтті.

Осыған ұқсас мәлімдемені Ресей вице-премьері Александр Новак та жасады. Ол өзгерістердің 1 мамырдан бастап күшіне енетінін нақтылады.

Жарнама
Жарнама

Мән-жайы

Бұған дейін БАҚ-та Ресей тарапының шешімімен 1 мамырдан бастап "Достық" құбыры арқылы Германияға қазақстандық мұнай жеткізудің тоқтатылуы мүмкін екендігі туралы ақпарат тараған болатын. Сөз Қазақстанның Германиядағы мұнай өңдеу зауыттарына тәулігіне 200 мың баррельге дейін мұнай экспорттайтын бағыты туралы болып отыр.

Анықтама: "Достық" мұнай құбыры - КСРО-дан (қазіргі Ресей мен Қазақстан) Шығыс және Орталық Еуропа елдеріне мұнай тасымалдау үшін 1960-жылдары салынған әлемдегі ең ірі магистральдық мұнай құбыры жүйелерінің бірі. Жүйенің жалпы ұзындығы шамамен 8900 шақырымды құрайды, ол Беларусь, Украина, Польша, Германия, Чехия, Словакия және Венгрия арқылы өтеді.

22 сәуірде Қазақстанның Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов журналистерге мұнай құбыры арқылы қазақстандық мұнай жеткізудің Ресей тарапының бастамасымен тоқтатылуы мүмкін екенін бейресми дереккөздерден білгенін хабарлады.

Оның айтуынша, Ресей тарапы мұнай айдауға техникалық мүмкіндіктің жоқтығын алға тартып отыр. Болжам бойынша, бұл инфрақұрылымға жасалған соққыларға байланысты болуы мүмкін. Жеткізілім 1 мамырдан бастап тоқтатылады деп күтіледі, әзірге сөз тек бір ай мерзім туралы болып отыр.

Энергетика министрлігінің басшысы жөнелтілмеген мұнай көлемі басқа бағыттар бойынша қайта бөлінетінін айтты. Биыл "Достық" құбырының үлесіне 80 миллион тонна қазақстандық мұнайдың шамамен 3 миллион тоннасы тиесілі, 2025 жылы 2,1 миллион тонна жеткізілген. Қазақстандық мұнай "Шведт" зауыты тұтынысының шамамен 20–30 пайызын өтейді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама