Дрон заңсыз әрекетті түсіріп алған: Түркістан облысында әкім қызметінен босатылуы мүмкін

Дина Шарипханова Корреспондент
Дрон заңсыз әрекетті түсіріп алған: Түркістан облысында әкім қызметінен босатылуы мүмкін Midjourney арқылы жасалған

Түркістан облысында прокурорлар жер қойнауын заңсыз пайдалану жолын кесті - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Түркістан облысында прокурорлар жер қойнауын заңсыз пайдалану жолын кесті - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Түркістан облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы жер қойнауын заңсыз пайдалану жағдайларын болдырмау және алдын алу мақсатында рейдтік іс-шара ұйымдастырған.

"Арнайы дрон көмегімен Сауран ауданы аумағындағы "Құрсай" өзені бойында жер қойнауының тұтастығын бұза отырып, кең таралған пайдалы қазбалардың (құм-қиыршықтас қоспасы) заңсыз өндірілгені анықталды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Ведомство мәліметінше, прокурорлық қадағалау актілерінің негізінде заңсыз жасалған меморандум бұзылып, тәртіптік теріс қылыққа жол берген Шаға ауылдық округінің әкімі қызметінен босатуға ұсынылған. Аудан әкімінің орынбасары мен полиция қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылғаны айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама