KZ
7 сабақ

Дропперлік: бостандықтан айыруы мүмкін оңай ақша

Бұл курс ҚНРДА бастамасымен жасалды
Бұл «Қаржыға қатысты көзқарасты жаңарту» жобасының жетінші шығарылымы, мұнда біз инвестиция және қаржы саласының сарапшысы Әсел Әуелбековамен бірге қаржылық сауаттылық деңгейін көтереміз. Бұл материалда біз дропперлер дегеніміз кім және оларға қандай жауапкершілік көзделгенін баяндаймыз.
Дроппер бұл аздаған сыйақы үшін бөгде адамның ақшасын қабылдауға, қолма-қол алуға немесе аударым жасауға өзінің банк картасын, есепшотын, онлайн әмиян немесе ЖСН нөмірін беруге дайын адам. Жалпақ тілмен айтқанда, ол ұрланған немесе алаяқтық жолмен түскен ақшаның ізін жасыратын арадағы делдал.
Бірақ есте сақтаңыз, мұндай «пайда» – жай ғана тәуекел емес, оның қылмыстық жауапкершілігі бар!

ҚР ҚК 232-1-бабы

Дропперлік үшін жаза: айыппұлдан бастап, мүлкін тәркілей отырып, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейін барады.
Жаза не үшін:
  • Банктегі есеп-шотты заңсыз пайдалануға беру
  • Төлем құралдарын бөгде адамға беру немесе алу
  • Сыйақы үшін заңсыз төлем мен аударымдар жасау
  • Үшінші тұлғалардың мүдделеріне сай әрекет ету
МАҢЫЗДЫ: «Мен білмей қалдым» немесе «маған уақытша жұмыс ұсынды» деген сылтаулар көмектеспейді. Заң бойынша бұл қылмыстық жолмен келген кірістерді заңдастыруға ықпал ету болып есептеледі.

дропперлер өзқатарына қалай тартады?

1- Сценарий: «онлайн табыс»
Сізге бірнеше пернені басып қана жылдам табыс табуға уәде етеді. Мысалы, онлайн-кассир орнын ұсынады, ақысын күнделікті беруге дайын: «күніне 200 000 ₸ қабылдайсыз да, одан өзіңізге 20 000 ₸ алып қаласыз. 10 транзакция = күніне
200 000 ₸ табыс
Қайда кездеседі: Telegram–арналар, Instagram, жарнама тақтайшасында.
2- Сценарий: «Танысыма» көмек
Танысыңыздың бірі аяқ-асты былай дейді: «Салық қызметі менің картамды бұғаттап тастады» немесе «Картаны өз атыңа ашшы, мен пайдаланамын, айына 50 000 ₸ беріп тұрамын, маған жұмысқа өте қажет»
3- Сценарий: банкомат маңында
Банкомат қасындағы оқиға. «Картамды бұғаттап тастады, анам сіздің картаңызға ақша аударса бола ма, сізге қолма-қол алып бергеніңіз үшін ақысын беремін»
4- Сценарий: «нөмірмен қателестім»
Бейтаныс адам картаңызға ақша жібереді. Одан кейін сізге қоңырау шалып, былай айтады: «Кешіріңіз, нөмірмен қателестім, ақшаны басқа шотқа аударып жіберіңізші, өтініш»
Егер осы сценарийдің біреуімен болсын бетпе-бет келіп қалсаңыз, ол оңай олжа емес, бұл алаяқтыққа тарту.

Енді жауапкершілік туралы. дропперге қандай жаза көзделген?

Банктер дроп-серіктестікті байқап отырады: ұқсас сомадағы бір текті аударымдар, транзакция арасында қысқа мерзім, алушылар тізбегі, алаяқтығы анықталған әмияндармен байланыс.
Банктің әрекеті:
  • Қызмет көрсетуді уақытша тоқтату
  • Құжаттар мен түсініктеме сұрату
  • Өзгеден түскен ақшаны ғана емес, СІЗДІҢ де қаражатыңызды бұғаттау
  • Құқық қорғау органдарымен байланысу
  • Банктің «қара тізіміне» енгізу
Сонымен қатар, дропперлерге қатысты қылмыстық жауапкершілік те көзделгенайыппұлдан бастап, мүлкін тәркілей отырып, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейін барады.
Азаматтық-құқықтық жағы да бар. Сот мұны негізсіз баю деп танығандықтан дропперлерден қолма-қол алған ақша сомасын толықтай өндіреді де, бәрін жапа шеккендерге төлеуге мәжбүрлейді. Міне, осылай 20 000 табамын деп 2 миллион төлеу керек болады.
Онымен қоса, сізді банктің «қара тізіміне» қосып қоюы мүмкін, салдары – есепшот ашылмайды, бөліп төлеу мен кредит берілмейді және жалпы банк көрсететін қызметтің бәрін тоқтатып тастай алады.

өзіңді қалай қорғау керек?

1. ЕШҚАШАН және ешкімге картаңызды, ЖСН, есепшотыңызды пайдалануға бермеңіз
2. Кез келген «картаңа қабылдап, аудара салшы – өзіңе де алып қал» сияқты ұсынысты қатарға тарту деп қабылдаңыз
3. Күмәндансаңыз – банк пен полицияға қоңырау шалыңыз
4. Күдікті ұсыныстардың скриншотын жасаңыз
5. Операторларға шағым жіберіңіз
Есте Сақтаңыз!
  • Дропперлік – бұл қылмыс
  • «Оңай ақша» еркіндік пен барлық жиғаныңыздан айыруы ықтимал
  • Банктер мен құқық қорғау органдары дропперлерді анықтап отырады
  • Заңды білмегендік жазадан құтқармайды
  • Өзіңіз бен жақындарыңызды қорғаңыз – оларға осындай қауіптің барын ескертіп қойыңыз
⚠️ Қылмыстық іс-әрекетке қатысты болмаңыз
Тест
Біліміңізді тексеріңіз
Бастау
Дропперлер деген кімдер?
Келесi
Нәтижесін көрсету
Дропперлік схемаға қалай тартады?
Келесi
Нәтижесін көрсету
Қатарға тартып жатқанын білдіретін анық белгі қандай?
Келесi
Нәтижесін көрсету
Дропперлікке қатысқандарға қандай жаза көзделген?
Келесi
Нәтижесін көрсету
Өзіңізді және жақындарыңызды қалай қорғай аласыз?
Келесi
Нәтижесін көрсету
🔴 Төмен нәтиже

Сіз дропперлікке тарту әдісін анықтай алмай тұрсыз және олардың қулығына оңай алданып қалуыңыз мүмкін. Сабақты тағы бір қайталап шығыңыз, қатарға тарту белгілерін және «оңай ақша» неге бас бостандығынан айыруы мүмкін екенін есте сақтап алыңыз.

Тағы да
🟠 Орташа нәтиже

Дропперлік – бұл қылмыс екенін түсінесіз және кейбір ұсыныстардың күдікті екенін байқай аласыз. Бірақ өтірікті шындай етіп айтқанда алданып қалатын сияқтысыз. Сабақты бір қайталап алыңыз.

Тағы да
🟠 Орташа нәтиже
Дропперлік – бұл қылмыс екенін түсінесіз және кейбір ұсыныстардың күдікті екенін байқай аласыз. Бірақ өтірікті шындай етіп айтқанда алданып қалатын сияқтысыз. Сабақты бір қайталап алыңыз.
Тағы да
🟢 Жоғары нәтиже

Дропперлер кім екенін және оларға қандай жауапкершілік көзделгенін анық білесіз. Енді сіз өзіңізді ғана емес, өзгелерді сақтандыра аласыз.

Тағы да
Әрі қарай оқу
©TengriNews 2025
Жоба ҚНРДА
қолдауымен жасалды

Бұл «Қаржыға қатысты көзқарасты жаңарту» жобасының жетінші шығарылымы, мұнда біз инвестиция және қаржы саласының сарапшысы Әсел Әуелбековамен бірге қаржылық сауаттылық деңгейін көтереміз. Бұл материалда біз дропперлер дегеніміз кім және оларға қандай жауапкершілік көзделгенін баяндаймыз.

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button