18 наурыз 2024 15:20

ДСМ басшысы Ажар Ғинияттың жаңа қызметке тағайындалуына қатысты пікір білдірді

Фото:gov.kz

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова министрліктің бұрынғы басшысы Ажар Ғинияттың жаңа қызметке тағайындалуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова министрліктің бұрынғы басшысы Ажар Ғинияттың жаңа қызметке тағайындалуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжіліс кулуарында Әлназаровадан неге Ажар Ғиният Ұлттық балаларды оңалту орталығының басшысы болып тағайындалғанын сұрады.

"Ажар Ғиниятқызы өзінің медициналық біліміне сәйкес жұмысын жалғастырғысы келді. Ол – педиатр. Бұрын кадрлық ауыс-түйіс болғандықтан, бұл орталық таңдалды. Бұл республикалық оңалту орталығы. Ажар Ғиниятқызының мүмкіндігі халықаралық ұйымдармен жұмыс істеу, жалпы алғанда, оның Денсаулық сақтау министрлігіндегі жұмыс жылдарында алған саяси салмағы орталықтың жұмысына тек оң әсерін тигізеді деп ойлаймын», - деп жауап берді Ақмарал Әлназарова

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram