ПОДЕЛИТЬСЯ
25 қыркүйек 2024 | 16:01
ДСМ жедел жәрдем қызметі қағидаларының өзгеруіне қатысты пікір білдірді
Денсаулық сақтау министрлігі өзгерістерді түсіндірді. Оған сәйкес, жедел жәрдем көліктері бұдан былай барлық науқасқа тәулік бойы қызмет көрсете алмайтын болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Денсаулық сақтау министрлігі өзгерістерді түсіндірді. Оған сәйкес, жедел жәрдем көліктері бұдан былай барлық науқасқа тәулік бойы қызмет көрсете алмайтын болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ведомство өзгерістерді түсіндіре келе, бұл "үйде қызмет көрсетуді тоқтатуды білдірмейтінін" хабарлады.
"Азаматтардың жедел жәрдемнің келуінің кешігуі туралы көптеген өтініштеріне жауап ретінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі талдау жүргізіп, жағдайды жақсарту үшін шешімдер ұсынды. Талдау нәтижелері шақыртулардың 50 пайыздан астамы шұғылдықтың төртінші санатына жататынын көрсетті, бұл емханаларды қоса алғанда, медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарының (МСАК) бақылауындағы созылмалы аурулары бар пациенттерге қызмет көрсетуді білдіреді.
Осыған байланысты, министрлік Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету стандартына және Жедел медициналық көмек көрсету қағидаларына өзгерістер жобасын әзірледі. Өзгерістер кейбір БАҚ дұрыс жеткізбегендей, үйде қызмет көрсетуді тоқтатуды білдірмейді, керісінше медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын жақсартуға бағытталған", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, министрлік дәрігерді үйге шақыртуларды тіркеуге және үйдегі стационарларды ұйымдастыруға қатысты тармақтар құжаттың құрылымын жақсарту үшін жобаның басқа бөліміне ауыстырылған, бірақ олар күшінде қалады. МСАК-тың медицина қызметкерлері алдыңғы стандарттың шеңберінде үйде көмек көрсетуді жалғастырады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также