ДСМ қазақстандықтардың жеке және медициналық мәліметтері ұрланғаны туралы ақпаратқа пікір білдірді

© pixabay.com

Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев Кибер шабуылдарды зерттеу және талдау орталығының қазақстандықтардың жеке және медициналық мәліметтері ұрланған туралы хабарламасына пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев Кибер шабуылдарды зерттеу және талдау орталығының қазақстандықтардың жеке және медициналық мәліметтері ұрланған туралы хабарламасына пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Олжас Әбішев ұйымның мәліметтер ұрланғаны туралы хабары шындыққа жанаспайтынын айтты. 

"Біріншіден, жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер қоры Денсаулық сақтау Министрлігінің емес Әділет министрлігінің ақпараттық жүйесі. Екіншіден 1430.kz Денсаулық сақтау министрлігінің мердігерлік компаниясы емес. Денсаулық сақтау министрлігіне ешқандай қатысы жоқ және мекеменің ведомстволық бағынысты ұйымы болып табылмайды. Аудиожазбаларды сақтауға келетін болсақ, Денсаулық сақтау министрлігінің ағымдағы ақпараттық жүйелерінде азаматтардан қоңырау алу функциясы жоқ. Біз азаматтардың аудиожазбасын сақтамаймыз. Ондай мақсатымыз да жоқ", - деп жауап берді Олжас Әбішев.

Реклама
Реклама

Вице-министр бүгінде денсаулық сақтау министрлігінің барлық ақпараттық жүйесі штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын айтты.

Еске салайық, бүгін қазақстандық Кибер шабуылдарды зерттеу және талдау орталығының мамандары қазақстандықтардың жеке және медициналық мәліметтері ұрланғаны туралы мәлімдегені белгілі болды. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама