29 маусым 2021 | 13:20

ДСМ локдаун енгізу туралы қауесетке пікір білдірді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық Желі қолданушылары "жақында локдаун енгізілетіні" туралы хабарлама таратып жатыр. Онда Қазақстан коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймаққа қайта өткені және қалалар арасында қозғалысқа тыйым салынғаны айтылады. Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бұл ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Stopfake.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық Желі қолданушылары "жақында локдаун енгізілетіні" туралы хабарлама таратып жатыр. Онда Қазақстан коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймаққа қайта өткені және қалалар арасында қозғалысқа тыйым салынғаны айтылады. Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бұл ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Stopfake.kz.

Ведомство мәліметі бойынша, бүгінде кей аймақтарда эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты карантин күшейтілген. Олар сауда орталықтары, дәмханалар және түнгі клубтардың жұмыс уақытын қысқартуға, қоғамдық көліктерді дезинфекциялау уақытын ұлғайтуға және т.б. қатысты.

"Ел аумағына локдаун енгізілмейді. Қалалар арасында ұшулар мен жерүсті көлік қозғалысы штаттық режимде жұмыс істейді. Блокпосттар қойылмаған", - деді ведомствоның ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Реклама
Реклама

Қазақстанда "дельта" штамының тарауына байланысты коронавирус жұқтыру деңгейі өскені байқалады. Өсім аптасына 39 пайызға дейін жеткен.

Коронавирустың таралу қарқыны бойынша "қызыл" аймаққа Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары және Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары кірген. "Сары" аймақта - Шымкент қаласы, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай және Маңғыстау облыстары. Қалған өңірлер "жасыл" аймақта орналасқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная