08 мамыр 2020 | 15:53

ДСМ Нұр-Сұлтан және Алматыда COVID-19 жұқтырған адамдардың көбею себебін түсіндірді

ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының директоры Дамир Көпжасаров Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында коронавирус жұқтырғандардың неліктен көбейгенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының директоры Дамир Көпжасаров Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында коронавирус жұқтырғандардың неліктен көбейгенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ДСМ медиаорталығында өткен онлайн-брифингте журналистер соңғы екі айда Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында COVID-19 жұқтырған науқастардың көбею себебін сұрады.

Реклама
Реклама

"Бұл жұқтырғандардың күрт көбеюі емес. Коронавирус инфекциясын анықтайтын скрининг арқылы осындай жағдай тіркелетінін күттік. Бұған дейін коронавирус инфекциясының симптомдары бар, жұқтырғандармен байланыс жасағандарға тест жүргіздік. Сәуірден бастап медициналық қызметкерлер, қарулы күштер және тағы басқа белгілі бір топ ішінде скрининг жүргізілді", - деп түсіндірді Дамир Көпжасаров.

Бұған дейін Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирус жұқтырған адамдардың көбейгенін тұрғындарды жаппай тестілеумен байланысты деген болатын.

Соңғы деректер бойынша елімізді 4753 КВИ жағдайы тіркелді. Олардың ішінде 1502 адам Алматыда, 950 адам Нұр-Сұлтанда анықталды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная