ПОДЕЛИТЬСЯ
30 қараша 2021 | 11:21
ДСМ өкілі Ресеймен вакцинация паспорттарын өзара тану туралы айтты
Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шаронов Қазақстан Ресеймен вакцинация паспорттарын өзара тану тез арада шешіледі деп үміттенетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жұмыс тобы құрылды, техникалық деңгейде және вице-министрлер деңгейінде тиісті кездесулер өткізіліп жатыр. Біз жақын арада шешеміз деп үміттенеміз", - деді Шаронов Үкімет отырысынан кейін.
Оның айтуынша, тараптар екі мәселені қарастырып жатыр: трансшекаралық өту үшін вакциналарды тану туралы ноталармен алмасу және азаматтардың ел ішінде еркін жүріп-тұруы, сауда орталықтарына баруы мақсатында ақпараттық жүйелерді тереңірек интеграциялау.
"Жұмыс тобы шарттарды анықтап, тараптарды жақын арада жариялайды деп ойлаймын. Біз бұл мәселенің тезірек шешілуіне мүдделіміз", - деп қосты денсаулық сақтау бірінші вице-министрі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также