ДСМ шешімі: қазақстандықтар енді зейнетақы қаражатын тіс емдеуге ала алмайды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:depositphotos.com

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі 2021 жылғы 15 ақпандағы "Емделу үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына өзгерістер енгізіп жатыр. Өзгерістер зейнетақы жинақтарын тіс емдеуге пайдалануға тыйым салуды көздейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі 2021 жылғы 15 ақпандағы "Емделу үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына өзгерістер енгізіп жатыр. Өзгерістер зейнетақы жинақтарын тіс емдеуге пайдалануға тыйым салуды көздейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Денсаулық сақтау министрлігі мұндай шешім зейнетақы жинақтарын стоматологиялық қызметтер арқылы заңсыз шығару деректерінің көптігіне байланысты қабылданғанын түсіндірді.

"Жобада тіс протездеу және имплантация сияқты стоматологиялық қызметтерге біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану нормасын алып тастау көзделген. Шешім медициналық құжаттарды қолдан жасау және зейнетақы жинақтарын мақсатсыз пайдалану жағдайының көптеп кездесуіне байланысты қабылданды", – делінген құжат жобасында.

Реклама
Реклама

Талдау нәтижелері бойынша, азаматтардың стоматологиялық қызметтерді төлеуге берген өтінімдері алаяқтық схемалар арқылы бірқатар клиникалардың пайдасына шығарылған. Осыған байланысты 15 қыркүйектен бастап зейнетақы қаражаты есебінен медициналық көмектің бұл түрін қаржыландыруға өтінім қабылдау тоқтатылды.

"Отбасы банк ақпараты бойынша, 2021 жылдан 2025 жылғы 20 тамызға дейін enpf-otbasy.kz платформасы арқылы тек "Стоматологиялық қызметтер" мақсаты бойынша 757 миллиард теңгеге 795 424 транзакция жүргізілген. Талдау нәтижесі бойынша, 222 миллиард теңгеден астам қаржы ТОП-20 стоматологиялық клиникаға бағытталған. Бұл клиникалардың басым бөлігі Қазақстанның ірі қалаларында орналасқан", – деп хабарлады ведомство.

Мән-жайы

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі "Ашық НҚА" порталында стоматологиялық қызметтердің ақысын төлеу үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану нормасын толықтай алып тастау ұсынылған бұйрық жобасын жариялаған болатын. Құжат қоғамдық талқылауға шығарылды.

Араға күн салып, Отбасы банк стоматологиялық қызметтерге өтінім қабылдауды уақытша тоқтатқанын хабарлады. Банкте бұл шешімді қаражатты мақсатсыз пайдалану деректерінің көптігі және құжаттардың қолдан жасалуымен түсіндірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама