ДСМ тегін дәрі-дәрмекті қалай алуға болатынын түсіндірді

ДСМ тегін дәрі-дәрмекті қалай алуға болатынын түсіндірді © Тұрар Қазанғапов

Денсаулы? са?тау министрлігі мемлекеттік тегін медициналы? к?мекпен ?амтамасыз ету ба?дарламасы аясында д?рі-д?рмекті а?ысыз ?алай алу?а болатынын т?сіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Денсаулық сақтау министрлігі мемлекеттік тегін медициналық көмекпен қамтамасыз ету бағдарламасы аясында дәрі-дәрмекті ақысыз қалай алуға болатынын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Амбулаториялық деңгейде тегін рецепт алу үшін науқас емханада тіркелген, диспансерлік есепте тұруы керек. Ал ол туралы ақпарат тіркеу реестрінде болуы қажет", - делінген министрліктің Facebook желісінде жарияланған инфографикасында. 

Жарнама
Жарнама

Мұның алдында 2018 жылы Астана емханаларындағы дәріханалардан тегін дәрі-дәрмек алуға болатыны хабарланған. Бұл қала дәріханаларындағы ұзын-сонар кезектен құтылуға мүмкіндік беруі тиіс. 

Еске салайық, денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов тегін дәрілердің тізімі қысқарғаны туралы ақпаратты жоққа шығарған болатын. "Керісінше, қайта дәрілер тізімін толықтырдық, әсіресе сирек дертке шалдыққан балалар үшін", - деген болатын Біртанов. 

2017 жылдың соңында Біртанов пациенттерге жеңілдікпен берілетін дәрілерді "Қазпошта" арқылы жеткізу жоспары туралы айтқан. 

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама