Дубай шоколадын сатамын деп жұртты алдаған адам сотталып кетті

Фото: depositphotos.com

Астанада Дубай шоколадын сатамын деп жұртты алдаған адам сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада Дубай шоколадын сатамын деп жұртты алдаған адам сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында бірнеше рет алаяқтық жасады деп айыпталған А-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

"А. есімді адам Дубай шоколадын сатамын деп жәбірленушілерді адастырып, бірнеше рет олардың ақшаларын иемденген. Осылайша, ол 10 жәбірленушінің 301 020 теңге көлеміндегі ақшасын жымқырған", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сотталушының кінәсі жәбірленушілердің айғақтарымен, банк аударымдарымен және қылмыстық іс материалдарымен дәлелденді. Прокурор күдіктіге 3 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындауды сұрады.

Сот үкімімен А. Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігінің 4-тармағымен кінәлі деп танылды, оның 3 жылға бас бостандығы шектелді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, біраз уақыт бұрын Дубай шоколады әлеуметтік желіде трендке айналып, бағасы күрт өсті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама